Қоңыр күзге кінә тақпан
Күз келді суығымен қоңыр-қара, Күзбен бірге көңілім жабырқама. Кінәлауды қою керек жыл мезгілін, Болмасын күзге сенде өкпе-нала. Алтын боп боялады қала-даламыз, Сол күзден жүрекке жылу табамыз. Ей адамдар, неге сонша қара күзге, Жабырқап, суық болып барамыз?...