» » Жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленеді

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленеді

Мемлекеттің даму жолында әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп келеді. Халықтың жағдайын жақсарту жолында түрлі әлеуметтік көмек те көрсетілуде. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 415 647 адамға тағайындалған. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 2 миллионнан асады. Оның ішінде 165 535-і көпбалалы ана. Ал аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілген мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 146,4 млрд теңгені құрайды. Сонымен бірге 73 814 заң бұзушылық тіркелсе, 155,5 млн теңге мемлекет бюджетіне кері қайтарылған. Аталған заң бұзушылықтың нәтижесінде көмек мөлшері қайта қаралып, 8890 отбасыға көрсетілетін кейбір жәрдемақылар уақытша тоқталып отыр. Ал 22 881 отбасыдан әлеуметтік көмек мүлде алынып тасталған.
Осы мәселені бірізді жолға келтіру үшін жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулы сипатын қабылдауды қарастыратын жаңа заң жобасын таныстырды. Заң жобасы қабылданған қолданысқа енсе елдегі көпбалалы анаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады.
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, атаулы көмек алатын балалардың 60 проценттен астамы – көпбалалы отбасынан шыққан. Сол себепті балаларға отбасының табысына қарамастан, бөлек жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр.
–Осыған байланысты атаулы әлеуметтік көмекті көпбалалы отбасы құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көпбалалы отбасыға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады, – деді министр үкімет отырысында.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір Қазақстанда 343 мың көпбалалы отбасы бар. Бұл отбасында бір жарым миллионға жуық бала тәрбиеленеді. Егер жаңа заң жобасы қолданысқа енетін болса, келесі жылдан бастап 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін алатын болады.
Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Осыған байланысты мынадай негізгі мәселені назарда ұстауды ұсынды. «Біріншіден, әлеуметтік көмектің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл бір жағынан көмек алушылардың өз табысын жасыру жағдайын барынша төмендетуге септігін тигізеді. Екінші жағынан көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін. Екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді. Үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшесі атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады» деді ол. Бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы берілетінін де атап өтті.
Егер отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жатса онда жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көпбалалы отбасы болса, аталған көмектің барлық үш түрін алады. Сонымен қатар министрлік мүгедек баласы бар отбасыларға қамқор болуды басты назарға алып отыр. Айталық, биыл мамыр айында 2025 жылға дейін мүгедектер құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданды. Аталған жоспар аясында көп жұмыс жүргізілуде, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралмен және оңалту қызметімен қамтамасыз ету көзделген. Мысалы, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға келесі жылдың шілде айында мөлшері ұлғайған жәрдемақы беріледі. Бүгінде бұл 42 500 теңгені құрап отыр. Ал 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек жасөспірімдер де 35 мыңнан 57 мың теңгеге дейін жәрдемақы алады. Бұдан бөлек, заңнамада 18 жасқа дейін мүгедек баланы және 18 жастан асқан 1 топтағы мүгедекті тәрбиелеп отырған ата-анасы да, қамқоршысы да мемлекеттен 41 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады. Ескере кететін жайт, отбасының аз қамтылғанын анықтау барысында мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы отбасы табысының құрамында есепке алынбайды.
–Бұл біз үшін жақсы жаңалық болды. Өзім 6 баланың анасымын. Осы уақытқа дейін 21 теңге алып жүрміз. Дегенмен оған құжат әзірлеп, отбасына кіретін табыс мөлшері есептелінеді. Ал келесі жылдан бастап көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін болады. Бұл көпбалалы аналардың қоғамдағы орнын, мәртебесін көтереді. Мемлекет әрдайым көмек көрсетіп келеді, – дейді кент тұрғын көпбалалы ана Г.Байділдаева.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
15 қазан 2019 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 058

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031