» » Атаулы әлеуметтік көмек қай кезде тоқтатылады?

Атаулы әлеуметтік көмек қай кезде тоқтатылады?

qarmaqshy-tany.kz Еңбек министрлігі ұсынып отырған тағы бір жаңашылдық – бір жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Егер тұрмысы төмен отбасының еңбекке қабілетті мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай жаңашылдық енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша қазір отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыс істеуден бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылмайды. Тек сол кісіге төленетін бөлігі ғана алынып тасталады. Енді министрлік заңды қатаңдатуды көздеп отыр.
73 мың теңге: көпбалалы отбасыларға төленетін жаңа жәрдемақының мөлшері жарияланды
"Отбасыға төлене беретін болғандықтан, жұмысынан шығып кететіндер көп. Өйткені, мысалы ол жұмыс істеп 100 мың теңге тапса, әйелі 200 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алады. Сондықтан біз заңды қатаңдатуды жөн көрдік. Себебі отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жауапкершілікті мойнына алып, өз отбасына қиын жағдайдан шығуға көмектесуі керек. Егер біз оған жұмыс ұсынып, ол бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады. Менің ойымша, отбасын ойлайтын саналы адам бұл жұмыстан бас тартпайды", - деп санайды Нұрымбетов.
Алайда, министр атап өткендей, мемлекет тарапынан кепілдендірілген әлеуметтік көмек пакеті сол күйі қалады. Бұдан бөлек, егер тұрмысы төмен отбасы көпбалалы болса, табысына қарамастан ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны да алады.
Осы орайда Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы отбасы табысы ретінде саналатынын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік жәрдемақыдан кейін атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаяды.
"Бүгінде 306 мың отбасы немесе 1,6 миллионға тарта адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Біздің болжам бойынша әлеуметтік көмек алатындар саны азаяды, бірақ 900 мыңға жуық адам бәрібір де алады деп ойлаймыз", - деп нақтылады ведомство басшысы.
Еңбек министрлігі ұсынып отырған тағы бір жаңашылдық – бір жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Көмектің бұл түрі тек тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға көрсетіледі.
"Көмекті неге бір жастан бастайды деп сұрайтын шығарсыздар. Себебі қазір елімізде заң бойынша бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты арнайы жәрдемақы бар. Оның мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге бірінші баладан бастап 14,5 мың теңгеден төртінші балаға дейін 22, 5 мың теңгеге дейін ай сайын төленеді. Ал жұмыс істеп жүрген әйелдер мемлекеттік сақтандыру қорынан өз жалақысының 40 проценті мөлшерінде орта есеппен 33 мың теңге жәрдемақы алады. Сондықтан осы жағдай ескерілді", - деді ол.
Әлеуметтік пакетке мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тамақ, гигиеналық құралдар және білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету кіреді. Ал оқушы балаларға мемлекет есебінен мектепте тегін ыстық тамақ, тегін жол жүру, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын беру көзделіп отыр.
Нұрымбетов осы өзгерістерге, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы және балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет үшін 2020 жылға республикалық бюджеттен 320 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті. 


07 қазан 2019 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 133

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930