» » Атаулы әлеуметтік көмек бойынша енгізілетін өзгерістер

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша енгізілетін өзгерістер

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде берген тапсырмаларға сәйкес, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 процентінің 70 процентке, яғни 14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін көтеріледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысынан көпбалалы отбасыларға және «Күміс алқа», «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар, сонымен қатар, балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар және студенттердің шәкіртақысы (стипендия) алынып тасталады.
Бұған қоса, аз қамтылған отбасылардың балаларына 18 жасқа дейін және арнаулы орта мен жоғарғы оқу орындарында оқыған жағдайда 23 жасқа дейін ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады.     
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.
21 наурыз 2019 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 749
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031