» » «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау басталады

«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау басталады

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуда 79 жобалар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

"Бағдарлама аясында 2020 жылы республикалық маңызы бар ұзындығы 412 км құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жобасының құрылыс жұмыстары басталу жоспарлануда. Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасына тиісті қаражаттар бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 195 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелері және көпірлер жөндеуден өткізілуде ", - деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Биыл Қазалы ауданының «Әлсейіт» көпірін, Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде «Шіркейлі» арнасы көпірі пайдалануға берледі. Ал Шиелі кентіндегі теміржол арқылы өтетін автомобиль көпіріне облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Жаңақорған ауданының «Келінтөбе-Қандөз-Көктөбе» ұзындығы 47 км құрайтын автомобиль жолына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 28 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. 
15 қазан 2019 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 315
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031