» » ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ЖОЛЫҢДЫ ТҮЗЕ

ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ЖОЛЫҢДЫ ТҮЗЕ

Жолдар... жолдар... Жүйіткіген көлік, жаяу жүргінші де осында. Жылдың қай мезгілі болмасын автожол бойы қат-қабат қарбаласқа толы. Әрі-бері зулаған көлікте қисап көрінбейді. Жыланша жорғалаған жолдың ұшы-қиырын таппайсың. Жүк тиеген керуен де, жеңіл көлік те асығып жөңкіледі. Жол да – тұнып тұрған шежіре. Кешегі сүрлеу, шаңы аспанға шығып жатқан жол, бүгінде заман талабына сай даңғыл жолға айналды. Елмен елді, жермен жерді табыстырған Ұлы Жібек жолы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Оның ішінде, батыс пен шығысты, алыс пен жақынды тоғыстырған тоғыз жолдың торабында жатқан Қармақшы өңірінің орны бір бөлек. Атап өтерлігі, Елбасы бастамасымен жүзеге асқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәліз транзиті аудан территориясынан өтеді.
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін айта келе, Қазақстан арқылы өтетін жүк транзиті былтыр 17 пайызға өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтағанын атап айтса, тиісті салаға 2020 жылы өсу қарқынын 5 миллиард долларға жеткізуді міндеттеген. Мемлекет басшысы елімізде көлік ағынын тиімді басқару мен инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашатын – интеллектуалды көлік жүйесін енгізуді, ішкі өңірлік қатынасты жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту мақсатында нақты тапсырма берген еді.
Елбасы тапсырмасына сәйкес, ауданда былтыр жолға қатысты біршама жұмыс істелді. Әсіресе, автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына аса мән берілді. Жергілікті бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына 30,6 млн. теңге қаржы бөлінсе, «Самара-Шымкент-Ақтөбе» автомобиль жолының 1 шақырымына «Қармақшы жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жөндеу жұмысы жүргізілді. Сонымен бірге, Ақтөбедегі Сералиев, Иіркөлдегі Қазақстан, Ақжардағы М.Мәметова, Тұрмағамбеттегі Т.Ізтілеуов, Алдашбай ахундағы Ш.Шегебаев, Қуаңдариядағы Қуаңдария және Көмекбаев ауылындағы Балқы Базар көшелеріне де ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.
– Облыстық жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» жоспары аясында үстіміздегі жылға бірқатар жұмыс жоспарланған. Аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Төребай би» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысына 480 784,663 мың теңге, «Самара-Шымкент-Иіркөл» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысына 162 907 мың теңге, «Самара-Шымкент-Жаңажол» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысына 213 573 мың теңге, «Самара-Шымкент-Төретам» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысына 71 924 мың теңге қаржы қарастырылған. Оған – «Қызылорда жолдары» және «Дорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік етуде. Қазіргі таңда мекеме тарапынан Төребай би, Иіркөл елді мекені және Төретам кенті жолдарының беткі қабаты қалпына келтірілуде. Сонымен қатар, аудандық маңыздағы 1 шақырымды құрайтын «Самара-Шымкент-ІІІ Интернационал» автожолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу аудан бюджеті есебінен қарастырылуда. Мердігер мекемені анықтау мақсатында конкурс ұйымдастырылу үстінде, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мария Саршаева.
Бұған қоса, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолының 8,265 шақырым автожолының күрделі жөндеу жұмысына 582 864 мың теңге қаржыны республикалық бюджеттен бөлуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылып, ол республикалық бюджеттен 300 млн. теңге қаражат қолдау тауып отыр. Биыл ауданаралық жолдарды күтіп ұстауға аудан бюджетінен 32,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Мұнымен бірге, Төретам кентіндегі 25, Жосалы кентіндегі 15 көшеге ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қызылтам елді мекеніне кіреберісіндегі автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысына жоба сметалық есеп әзірленіп, оны мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудан бюджетінен қаржы бөлініп, бүгінгі күнге жұмысын атқаруға қажетті 383 млн. теңге қаржы республикалық бюджеттен бөлуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.
– Ауылдағы жолды жөндеу – көптен бері шешімін таппай келген мәселе еді. Жұмыс басталғалы тұрғындар бір серпіліп қалды. Жөндеу жұмысы – уақытында басталды. Сәйкесінше, белгіленген межеде пайдалануға берілетініне сенім мол. Жолдың сапасыздығы – көлікті бір діңкелетсе, тегіс емес жолдан жолаушы да қажиды. Жол сапардан соң техниканы тексеріп, бейнеттенетін едік. Істі ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Ауыл жұртшылығы жол мәселесінің оң шешім тапқанына дән риза, – дейді Иіркөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекмахан Есмаханов.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
02 маусым 2018 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 255

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 355

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930