» » ЖОЛ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

Елді мекендерді бір-бірімен байланыстырып, қайнаған тынымсыз тіршілікке нәр беріп жатқан күре жолдың қадірін, оның бейнетін өзі жүріп көрген жол жүргіншісінен артық ешкім біле қоймас, сірә? Әсіресе, жолдың сапасы нашар болса,  әрине адам өзін шоқырақ аттың үстіне мініп келе жатқандай күй кешері анық. Міне, еліміз тәуелсіздік алғалы бері Сыр бойын­да күрмеуі шешілмеген осынау өзекті мәселенің түйінін шешу үшін ел қоржынынан бұрын-соңды бөлінбеген қаражат бөлініп, оны жүзеге асыру мақсатында озық технологиялар қол­да­нылуда.  Осы орайда, Елбасы өзі­нің жыл сайынғы дәс­­­түрлі Жолдауларында аталмыш са­ланың индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе екенін, сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел бол¬майтынын айтып келеді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында да жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастырудың стратегиялық жолдары айқын бел­гіленген. Уақыт жылжып өткен сайын көлік пен байланыстың жаһандық қарым-қатынастар жүйесіндегі рө­лі әдәуір өсті. Қызылорда облысы ха­лықаралық жолдардың тоғы­сында ор­на­ласқандықтан шет елге шығарыл­атын экспорттың не­гізгі ағыны саналатын шекаралас аймақ­тарды бір-бірімен байланыстыруда  күрежолдың маңызы орасан. Қазіргі уақытта бұрын­ғы кездердегідей емес, заман талабына сай құрастырылған ауыр жүк және жо­лау­шылар көліктерінің аудан, облыс, халықаралыққатынастағы қар­қынды қозғалысы әлденеше есеге артқанын біз жақсы білеміз. Осыдан ақ, біз жолдың шын мәнінде өмірдің өзегі, тұрмыс-тіршілігіміздің қайнар көзі екенін аңғарамыз. Ол рас. Бүгінде жонылған тақтайдай тегіс жолдар сенің барар жеріңе лезде-ақ жеткізеді. Иә, әлемдегі өр­кениетті елдердің бірінші кезекте жол қатынасына айрықша назар аударатыны да сондықтан болар.
Осы ретте, тәуелсіз мемлекетіміз жоғарыда айтқандай, өркениетті елдермен терезесін тең ұстау мақсатында қабылдаған ҚР-ның «Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын 2020 жылға дейінгі дамыту» бағдарламасында халықара¬лық талаптарға сай көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін, транзиттік әлеуетін арттыру және сервистік қызмет көрсетуді жақсарту, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу ұстанымдары алға тартылған. Әсіресе, бағдарламада жол сапа¬сына ерекше көңіл бөлу керектігі айтылған. Міне, аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында Сыр бойы өңірінде де көлік тасымалы шаруашылығын жаңғырту бойынша дәйекті жұмыстар атқарылды және атқарылып келеді де.
Қармақшы ауданы – тоғыз жолдың торабында орналасқан аудандардың бірі. Яғни, аудан аумағынан Елбасымыздың қолдауымен Еуропа мен Азия мемлекеттері арасындағы көліктік қатынасты нығайту мақсатында іске асырылған «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық дәлізі өтуде. Ауданымыздағы елді мекендердің көпшілігі осы күрежолға жақын орналасқан.
Ендігі кезекте, осы елді мекендер бойынша тақырып аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралайтын болсақ, аудан аумағындағы 142 шақырым, яғни 61 шақырым қара қиыршық тасты және 81 шақырымы қиыршық тасты автомобиль жолы 2005 жылдан бастап аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып, аудандықтұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің теңгеріміне берілген. Сонымен бірге, 2008 жылы «Жалағаш-Жосалы-Марал баба кесенесі» бағытындағы жол аудандық маңыздағы автомобиль жолдары тізбесіне енгізілді.
Ал, енді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мария Саршаеваның соңғы екі жылда аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау бойынша атқарылған жұмыстар туралы бізге берген мәліметінде:-2016 жылы Ақжар пен Көмекбаев бағытындағы 1,5 шақырым жолға жөндеу және жолдың жиегін тазалау жұмыстары, сонымен бірге мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Ақтөбе ауылындағы Аманкелді, Қуаңдария ауылындағы Жастар, Төретам кентіндегі Б.Момышұлы және Төребай би округіндегі бірнеше көшегі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сол жылы облыстық бюджеттен 172500 мың теңге қаржы бөлініп, оның 86 млн. теңгесі Жосалы кентіндегі 22 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарына және 86,5 млн. теңгесі Жосалы кентіндегі Көшербаев көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған.
Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 32400 мың теңге қаржыға Жосалы кентіндегі Ораз ахун және Қорқыт ата көшелеріне, Алдашбай ахун ауылындағы О.Шораяқұлы көшесіне, ІІІ Интернационал ауылындағы Қазақ және Астана көшелеріне және  Қармақшы ауылына қарасты Қызылтам елді мекеніндегі Сарыжылуан көшесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Ал, енді өткен жылы аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауда атқарылған жұмыстармен таныстырар болсақ,  аудандық бюджеттен бөлінген 30.6 млн. теңге қаржыға Еуропа мемлекеттері мен Қытай елі арасындағы автожол қатынастарын жалғастыратын халықаралық дәлізден Ақтөбе ауылына баратын 1 шақырымға «Қармақшы жолдары» ЖШС-і арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, сол ауылдағы Сералиев көшесі, сонымен бірге Иіркөл  ауылындағыҚазақстан көшесі, Ақжар ауылыындағы М.Мәметова көшесі, Тұрмағамбет ауылындағы  Т.Ізтілеуов көшесі, Алдашбай ахун ауылындағы Ш. Шегебаев көшесі, Қуаңдария ауылындағы  Қуаңдария және Көмекбаев ауылындағы Балқы Базар көшелеріне де ағымдағы жөндеу жұмыстары істелді. Осы жұмыстармен бірге, Жосалы кентіндегі Абай көшесімен жалғасатын «Самара-Шымкент» автожолы да ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті.
Ал, енді биыл аудан бойынша атқарылатын жұмыстар жайына келер болсақ, жоғарыда айтқанымдай аудан аумағынан өтіп жатқан Қытай мен Еуропа елдері арасындағы жол қатынасын жалғастыратын халықаралық автожолынан Иіркөл, Жаңажол, Төребай би ауылдық округтері мен Төретам кентіне кіреберіс жолдарына облыстық бюджеттен бөлінген 857.2 млн. теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Жалпы  алғанда 2018 жылы  ауданаралық маңызы зор автожолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 32.4 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, оған қоса Төретам кентіндегі 25 көше мен Жосалы кентіндегі 15 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Яғни, қазіргі таңда осы екі елді мекен көшелерін жөндеуге байланысты аталмыш көшелердің сметалық есептемелері рәсімделіп, жөндеу жұмыстарына  қажетті қаржыны облыстық бюджеттен бөлуге жұмыстар жүргізілуде. Міне, аудан орталығы және оған қарасты елді мекендер жолдарын жөндеу арқылы өңіріміздің әлеуетін арттыруда осындай жұмыстарды атқаруды қолға алудамыз,-деді.
Расында да, «Жол қадірін жүрген біледі»,- дегендей, діттеген жерге жадыраған көңілмен жету –әрбір адамның мұраты. Олай болса, қалыптасқан күрделі жағдайларды тиянақты шешудің барлық мүмкіндігін қарастыру басты міндет болып қала бермек.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
10 ақпан 2018 ж. 1 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031