» » » «Тәуелсіздік дәуірі» – егемен елдің шежіресі

«Тәуелсіздік дәуірі» – егемен елдің шежіресі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған «Адам капиталының жаңа сапасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды.
«Адам капиталының жаңа сапасы» атты дөңгелек үстелде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ғалымқайыр Мұтанов, Мәжіліс депутаты, профессор Серік Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Зарема Шәукенова, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылым­дарының докторы, профессор А.Бижанов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық фи­лиалы басшысының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Т.Жүргенов атын­дағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы және ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Тәуелсіздік дәуірі» – егемен елдің шежіресі. Елбасының жаңа туын­дысында Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтарды іске асыру, елді дамытуға бағытталған тарихи маңызды шешімдердің терең мазмұны мен іске асу барысы қамтылған. Егемен елдің қалыптасу кезеңін төрт бөлімге топ­тастырған. Атап айтқанда, «Мемле­кетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» деп әр кезеңнің тарихи сәттерін жеке сараптаған. Осы аталған әр бөлім бірнеше бөлімге тармақталып, ғасырлық оқиғалар жеке-жеке тал­данған. «Та­рихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мем­лекеттік құрылым», «Басты құндылығы-­мыз – бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сырт­қы саясат: тыңға түрен салғандай…», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағ­дарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» секілді тәуелсіздікті нығайту жылдары­ның жарқын шақтары сипатталған.
Дөңгелек үстелге жиналған жоғары оқу орындарының басшылары «Тәуелсіздік дәуірі» Елбасы атап айтқан тарих, келешек ұрпақ үшін жасалған әрбір бастаманы кеңінен талқылады. «Адам капиталының жаңа сапасын арттырудың бірден-бір тетігі – білім-ғылымды меңгеру. Сол арқылы Елбасы айтқандай, жаңашыл адамды тәрбиелей аламыз» деп атап өткен академик Ғалымқайыр Мұтанов дөңгелек үстелге жиналған қауымға ризашылығын білдірді. Мәжіліс депутаты Серік Сей­думанов «Елбасының тәуелсіз Қазақ­станды бәсекеге қабілетті елге айнал­дыруда еңбегі ұшан-теңіз. Егемен елдің тұтас тағдыр, тарихын қамтитын Президенттің әрбір кітабының орны ерекше. Елбасымыз Жолдауында Жаһандық бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға әрбір қазақстандықтың атсалысуы керек екенін баса айтты. Жетістіктің кілті – жаңа технологияда. «Тәуелсіздік дәуірінде» экономикалық, әлеуметтік, рухани құндылықтарды қастерлей отырып, жүйелі дамудың даңғыл жолын нұсқады. Біз соны келешек ұрпаққа кезең-кезеңімен жүйелі насихаттай білуіміз қажет. Бүгінгі ел тағдыры үшін қабылданған тарихи шешімдер – елдің келешегі үшін жасалған игі бастаманың негізі» деді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтік ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Зарема Шәукенова Елбасының сарабдал саясатты ұстана отырып, көшбасшы елдер қатарына ұмтылуы маңызды мәселе екеніне кеңінен тоқталды. «Елбасы «Тәуелсіздік дәуіріне» әр жыл­дардағы ел өміріндегі қиын тарихи кезеңдерді арқау еткен. Бүгінгі өмір – ертеңгі ұрпаққа тарих. Жыл сайын Жолдауда елдің әлеуметтік-саяси жағдайын жақсарту жолында атқарылып жатқан бастамаларды нақтылап беріп отырады. Жолдау – жол нұсқаушы бағдаршам. Елбасының Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосудағы еңбегі орасан зор. Жолдауда айтылған саяси, әлеуметтік, экономи­калық бастамалардың барлығы – ел тұрмысын түзеудің, Қазақ елін дамы­тудың алғышарты. Егемендік алғалы бері Елбасы тәуелсіз ел тарихына қатыс­ты қаншама құнды еңбектер жазды. Жарық көрген әрбір кітабы тың жа­ңалыққа, игі бастамаға толы» деді Зарема Кәукенқызы.
Дөңгелек үстелде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында жан-жақты талқыланған адам капиталының жаңа сапасын арттыру мәсе­ле­сінің жолдары көрсетілді. Елбасы Жолда­уын­дағы әлеуметтiк-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты. Эконо­миканы ны­ғайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа мiндеттердің бар­лығы – адами капиталды дамытудың ал­ғы­шарты. Адами капиталды дамытудың қоз­ғаушы күші – білім, ғылым, жаңа технологияны мең­геріп, ел мүддесіне тиімді пайдалана білу. Жол­дау­дағы адам капиталының жаңа сапасы – бә­секеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін нақты қадам.
 

11 қаңтар 2018 ж. 3 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031