» » ЖАСТАРҒА ҮЛГІ ЖАСАМПАЗ ЕҢБЕК

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ ЖАСАМПАЗ ЕҢБЕК

Мемлекет басшысының «Тәуел­сіздік дәуірі» атты кітабы еге­­мен еліміздің негізі қалан­ған күн­нен бас­тап бүгінге дей­інгі бар­лық игіліктер мен жет­кен же­тістіктерімізді, оның қа­лып­­та­су кезеңдерінің ерекше­лік­терін қам­т­ыған бірегей туынды. 
Онда бү­кіл дәуірдің тынысы, ұлт­тың мұраты, мемлекеттің кемел ке­лешегі жатыр. Еліміздің барл­ық жарқын көріністерін бүге-шү­ге­сіне дейін осы еңбектен таба ала­мыз. Кітапта айтылған өзекті тұжырымдар қазіргі тарихымыздан сыр шертіп, келер ұрпақтың рухани-танымдық азығына айналады деп есептеймін. Жылдар жылжып, уақыт сырғыған сайын әр сала жаңаша тұрпатта дамып, тың тыныс алады. Бүгінгі жетістіктер тарих парақтарына қатталып, кітапта айтылған әрбір ой келешекке керуен тартып ел­ді­гіміздің берік іргетасына айнала­тынына сенемін. 
«Біздің азаматтарымыз, әсі­ресе жастарымыз бағдары­мыз­­дың не үшін және қалай айқын­дал­ғанын, тәуелсіз Қа­зақстан­ның қандай жағдайда өмір­ге ке­ліп, құ­рылғанын, оны қа­лып­тас­ты­руда қандай адам­дар­дың ма­ңыз­ды рөл атқа­рған­дығын, сол кез­де қандай оқиғалар бол­ға­нын бі­луге тиіс» деп Елбасы еңбе­гін­де айтылғандай, кез кел­ген же­тістіктің артында тұлға­лар тұ­ратынын, ел басқару ісі же­ңіл ар­қалайтын жүк емес екен­ді­гін әр­бір жас жадына берік тоқы­са деймін. Сол арқылы тәу­ел­сіз­діктің қадірін біліп, бір кез­дері ата-бабаларымыз осы күн­ді аң­са­ған болса, ендігі ұр­пақ осы нығ­мет­ті нығайта түсу мін­де­тін те­рең­нен түйсінсе деген тілек бар. 
Рухани болмысын сақтап, ұлт­тық-құндылықтарын жоғалтпай, терең­нен тамыр алған ел екені­міз­ді бүкіл әлем білуге тиіс. Осын­­дай айтулы мақсаттарға же­ту жолында жаңа заманның та­ри­хын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани дүниесі бай жастардың орны бір төбе. «Та­лаптың оты арындап» тұрған шақт­а жастарымыз өз мүмкіндігін жақсы пайдаланып өткен күннен сабақ алып, кемел келешекке қарай бет алуы тиіс. Ұлт бола­шағы бүгінгі жас ұрпақтың қо­лын­да. Сондықтан жастарымызды рухани тәрбиелеуде бә­ріміз табандылық танытуымыз қажет. Осылардың барлығы әрбір жасқа үлгі ретінде көрініс тауып, жасампаз жылдардың жылнамасына баланған туындыда ел болу жолында кезіккен кедергілерді мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырған сәттер нақты дәлел­дермен жазылған. 
«Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемле­кет­тік құрылым», «Басты құн­ды­лы­ғымыз – бейбітшілікті қас­тер­лей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай», «Қия­ға көз тіккен Қазақстан бары­сы», «Бая­нды болсын Бас қала!», «Сая­си тұрақтылықтың же­мі­сі», «Тәуелсіздік рухымызды шың­дады», «Біз әлемдік дағ­дарыс сынағына төтеп бер­дік», «Бұрын-соңды болмаған зият­керлік өрлеу» деп аталған кітап­тың әр бөліміне назар аударсақ, олардың әрқайсысы өзіне тән үлкен салмақты арқалап тұр. Болашағымызды байыптап, ба­ғытымызды айқындайтын бас­тамалардың барлығын осы та­қырыптардың ішінен табуға бо­лады. Расында да, талай қиындықтарды жеңдік. Рухы­мызды қайта жаңғыртып, салт-санамызды саралап, өшке­німізді жағып, өткенімізді таны­дық. Дамудың даңғыл жолы­на бет бұрып мемлекеттік қуа­тын нығайтқан еліміз, тарихи жаңару жолында тың серпін алып өз беделін қалыптастырды. Әлем­нің дамыған озық елдерімен терезесін теңестіріп, олармен сая­си-экономикалық, рухани-мәдени ты­ғыз байланыс орнатты. 
Есмұқан Обаев,
 Қазақстанның халық әртісі
 

22 қаңтар 2018 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031