» » Сегіз қырлы Сәду

Сегіз қырлы Сәду

Өмірін қауіпсіздік қызметіне арнап, зейнеттік демалысқа шыққан ардагер ағаларымыз бар арамызда. Солардың бірі Сәду Әлібаевтың шаңырағында болдық. Мереке қарсаңында мамыражай отырып, қызметтік жылдарда өткен қызық та қиын күндерін есіне түсірдік. Бала кезден белсенді жанның Ақтөбе ауылында комсомол комитетінің хатшысы болдым дегенінен-ақ жауапты жұмыстың сан-саласынан өткенін бағамдау қиын емес. Шаруашылықтың машина-трактор жөндейтін шеберханасына бірнеше жыл меңгерушілік етуі – техниканың тілін жетік білетінін білдірмей ме?! Ауылдық клубқа музыка жетекшісі ретінде жұмысқа істеуі – өнерге біртабан жақындығын аңғартады. Бір емес бірнеше аспаптың құлағында еркін ойнайтын ағамыз түрлі мәдени-шаралар ұйымдастырып, 1990 жылға дейін ауыл кешін көңілді өткізгенін қатарластары әлі күнге мақтана айтады.
– Әкем механизатор болды. Нағыз еңбек адамы еді. Өнер нағашымыздан дарыған болса керек. Бала кезде сурет салуға құмарттым. Кейін ағаштан түрлі бұйымдар жасауды үйрендім. Темірден түйін түю – шаршағанымды басып, рахат алатын ісім. Кейде ішкі тебіреністі дәптерге өлең ғып түсіретін ақынға жақындау қасиетім бар. Спортпен шұғылдану – күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Жалпы бәрін жасауға бейіммін. «Жігітке жеті өнер де аз» деген мақал менің ұстаным, – дейді сегіз қырлы, бір сырлы Сәду аға.
Аудандағы кәсіптік өрт сөндіру бөлімі 1997 әскерилендірілген. Жаңадан құрам жасақтайтынын естіген ол өзін тағы бір қырынан сынап көрсе керек. Қойылған талаптан мүдірмей өтіп, жоғары білімі болған соң өрт сөндіру және бақылау органына күзет бастығы болып жұмысқа алынған. Жұмыс істей жүріп, Көкшетау техникалық институтын бітірген. Кейін төтенше жаңдайлар бөлімінде инспектор болып қызметін жалғастырған.
– Техниканың, арнайы киімдердің де тозығы жеткен кез. Құрал-сайман талапқа сай емес-тін. Қазіргідей колонка жоқ. Суды Сарыөзектен тасымалдадық. Өрт сөндіретін көлікке су сыйымдылығы 2,5 тонна. Ол қысыммен ағызғанда бар болғаны 3 минутта таусылып қалады. Қайта су толтырып келем дегенше қанша уақыт өтеді. Кейде өрт болғанда жел тұрып кететін әдеті бар. Оның үстіне кентте үй мен қора жайлар бір-біріне тым жақын орналасқан. Бірінің өрті біріне шарпып кетуі мүмкін. Өрт сөндіру – арнаулы білімді, тәжірибені талап ететін мамандық. Өрт шөп қураған күз айларында көп болады. Қыста жылыту пештің дұрыс салынбауы, иістену жиі орын алады. Қателеспесем 1999 жыл. Жарықтың көп сөнетін кезі. Түнгі сағат 3.30. Орталық көшенің бірінде өрт шықты деген дабыл түсті. Барсақ сарай лаулап жанып жатыр. Қанат жаю әдісімен сөндіруге тырыстық. Сарай ішіндегі газ баллоны жарылды. Газ жарылды екен деп қарап тұрамыз ба? Шоқтың бәрі аспанға ұшып қайта жерге түсуде. Абырой болғанда көршілер тез оянып, әркім өз қорасына су септі. Біршама уақытта өртті сөндіріп сарайға енсек ішінде тағы 5 газ баллоны тұр. «Көрер жарығымыз бар екен» деп тәубе еткенбіз сонда. Арамызда біраз жігіттің қолы, беті, денесін күйік шалды. Адам құтқару, болған өртті дер кезінде сөндіру, адам өліміне, бала өліміне жол бермеу – біздің басты міндетіміз, – дейді өткенді күрсініп ойға оралтқан ардагер.
Сәду Әбләкиұлы қызметпен қатар қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүрген. Облыстық көңілді тапқыштар клубына ауданның өрт сөндірушілері атынан бірнеше жігіт қатысып, І орын алыпты. Мәдениетті қолдау жылында Жеткерген Әжмағамбетовтың басшылығымен біраз байқауға қатысыпты.
Ол 2008 жылдан бері зейнеттік демалыста. Сала ардагерлері жиі бас қосады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп араларынан Болат Бисеновті сайлапты. Қазір Қызылорда қаласындағы «Қор» мұнай компаниясында өрт сөндіру бөлімінің күзет қызметіне басшылық етеді. №121 орта мектепте медбике болып еңбек ететін зайыбы Ләззат екеуі 2 қыз, 1 ұл өсірген өнегелі отбасы.
Қызметтегі қырағылығы мен адалдығы үшін «ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Өртке қарсы қызметке 100 жыл», ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін иеленген.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
15 қазан 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031