» » МЕХАНИЗАТОР ЗАКАРИЯ

МЕХАНИЗАТОР ЗАКАРИЯ

Кезінде аға-апаларымыз тізгіндеп, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан мамандық иелерінің ізбасарлары қазір тек ауылда ғана екенін білеміз.
Сондай талапты жастың бірі – көпұлттың басын біріктіріп, берекесі тасыған ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Закария Арифов.
Мектепті тәмамдай сала ата-анасының қолдауымен әкесі, есімі елге танымал ауыл шаруашылығы саласының майталманы Милияр Арифов басқаратын «Достық Жер МК» ЖШС №1 егіс бригадасына механизатор болып орналасады. Оның трактор тізгіндегеніне биыл 21 жыл.
Жас маман алғашқы жылдары «МТЗ-80» трактор руліне отырып, бригададағы аға буын әріптестерінен механизатор мамандығын қыр-сырын меңгерсе, кейін келе жатка және комбайн жүргізді. Егін жинау науқанында жақсы көрсеткіштер бере бастады. Еңбегінің арқасында шаруашылықтың озат тракторшысы қатарынан орын алды.
«Еңбек түбі – береке» деген. Бүгінде Закария Милиярұлы егіс бригадасының ғана емес, шаруашылықтың үздік механизаторы.
Мен өз замандасым сияқты жоғары білім алуға мүмкіндігім болды. Алайда, тракторға бала жасымнан жақын болдым. Кімде – мамандығын дұрыс таңдай білсе, оның жолы әрқашан ашық.
Өткен жылы 1100 гектар егістіктің күрішін орып, аудан да чемпион атандым. Кезінде ағалардан алған тәжірибемді өзімнен кейінгі үзеңгілес інілеріме үйретудемін, кейіпкеріміз.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
23 қыркүйек 2019 ж. 1 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031