» » » Қоңыр күзге кінә тақпан

Қоңыр күзге кінә тақпан

Күз келді суығымен қоңыр-қара,
Күзбен бірге көңілім жабырқама.
Кінәлауды қою керек жыл мезгілін,
Болмасын күзге сенде өкпе-нала.

Алтын боп боялады қала-даламыз,
Сол күзден жүрекке жылу табамыз.
Ей адамдар, неге сонша қара күзге,
Жабырқап, суық болып барамыз?

Көзіңді аш, күз ондай суық емес,
Көңіл мұңы білінбес тұнық елес.
Жүрекке түскен қаяу, нала мұңға,
Қоңыр күзді кінәлау дұрыс емес.

Көңіл көтер, түрлі-түсті баққа бар,
Сәнденіп, күтеді сені сұлу бақшалар.
Сол бақтан бәлкім жаныңа өмірлік,
Тауып қаларсың көңілі ақ әсем жар.

Сен күл, жыласа да қара аспан,
Мұң атты елге аяғыңды енді баспан.
Сен кінә артқан «суық,қара» деп,
Талай күз бақыт жолын ашқан.

Аслан Нұразғалиев
15 қазан 2019 ж. 1 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031