» » Жоңышқа жетерліктей жиналды

Жоңышқа жетерліктей жиналды

Дәл қазір болмаса да аязды күндердің ауылы алыс емес. Жұрт жерге қар түспес бұрын қоңыр қара күзде қыстың қамын қамдауға кірісіп кетеді. Бірі − ақ маржан алтын күрішті орып ысырапсыз жинап алуды мақсат етсе, енді бірі − малдың азығына қарекет қылуда.
Биылғы жылы ауа-райы егіншілерге барынша қолайлы болды. Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл мал азығы көлемін жоспарланған межеге жеткізіп отыр.
− Жоңышқаға орақ үш мәрте түсті. Алқаптың 405 гектарына жаңа, ал 750 гектарына ескі жоңышқа еккен болатынбыз. Бүгінде орылған жоңышқаның 600 гектары мал азығы ретінде жиналса, қалған 150 гектары келер жылға тұқым ретінде сақталуда. 400 отбасы тұрып жатқан ауылымыз толықтай мал азығымен қамтылды, − дейді серіктестіктің бас агрономы Төлеу Ералиев.
Аудан бойынша аталған шаруашылық мал азығын дайындауда көш басында. Бәрі де бірліктің арқасында ұйымшылдықпен ауыл еңбеккерлері жобаланған межеге қол жеткізді. Қорадағы үйілген шөп суық күннен сүрінбей өтуге сеп. Қысқасы, қыстың қамын қамтып қойған Дүр Оңғарлықтар келер мезгілге сақадай сай.

Аслан Жайқонысұлы

14 қазан 2019 ж. 1 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 534
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 332

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031