» » ЖОҢЫШҚА ЖЕГЕН МАЛ СЕМІЗ

ЖОҢЫШҚА ЖЕГЕН МАЛ СЕМІЗ

Төрт түлігін сайлап, шалғы мен кетпенін майлаған қазекем малдың азығына әу бастан-ақ сақ. Себебі, даланың малға шабатын ит-құсынан бөлек, қыстың қытымыр аязы мен шілденің шіліңгір ыстығы малшыны әбігерге салып, өңменінен қысатыны бар.  Шалғы мен кетпен жайшылықта болмаса, ірі шаруашылықтың жем-шөп қорын жасақтауда техниканың күші қажет. Шөп демекші, мал азығын қамдауда жоңышқаның өз орны бар. Оның дүние жүзінде 100-ге жуық түрі кездессе, Қазақстанда 18 түрі өседі.Жоңышқа – елімізде ең көп өсірілетін мал азығы. Ғалымдардың айтуынша, жоңышқа – пішен, көк майса, кептірілген, сонымен қатар сүрлем күйінде малға таптырмас азық. Оның республикада «Ертіс», «Қарабалық», «Дархан 90», тағы басқа түрі өсіріледі. Жалпы жоңышқа ылғал мен жылуды сүйетін шөптесін.

Ал біздің өңірде оның «Семиреченьские», сол секілді «Түркістан – 15» сор­ты малға пайдаланылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сабырхан Зайыровтың мәліметінде, үстіміздегі жылы аудан шаруашылығы 48 тонна жоңышқа тұқымын дайындаған. Оның 44 тоннасы «Семиреченьские», ал қалған 4 тоннасы І репродукциялы «Түркістан – 15» сорты. Жаңа жоңышқа 2262 гектар алқапты алса, өңірдегі жоңышқа көлемі 6743 гектарды құрайды. Бұл біздегі барлық егіс көлемінің 28,5 проценті.
Маманның пікірінше, жоңышқа гүлдей бастағанда орылады. Орылған соң егістік жақсы тыңайтылса, жоңышқаның екінші орымынан да мол өнім алуға болады. Шөптесін жаз бойы гүлдейді, жарықты, ылғалды ұнатады. Күн сәулесіне төзімді әрі жылдам жетіледі.
– Жоңышқа себілгенде арам шөпке ерекше назар аударылады. «Үш жапырақтының» бір орында бірнеше жыл өсетіні белгілі. Сол себептен оның тыңайтқышына аса көңіл бөлген абзал. Оны әдетте арамшөптен таза әрі ылғалды топырақта өсуі тиіс. Сол сияқты жоңышқаны алғы дақылдан соң егу – экономикалық тұрғыдан тиімді. Десе де, биыл жоңышқа шығымы жаман емес. Оған шаруалардың қосып отырған үлесі мол, – дейді бөлім маманы. 
Ауданда 4481 гектар жердегі ескі жоңышқаның 450 гектары тұқымға қалса, қалған 4103 гектары толықтай бірінші орымда жиналды. Осыған дейін орта есеппен алғанда 20,4 центнер өнім алынып, шамамен 8,37 мың тонна мал азығы дайындалды.
Айта кетерлігі, бірқатар шаруашылық жоңышқа дайындауда белсенділік танытуда. Соның бірі – «Достық Жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 
Шаруашылықтағы шөпшілер брига­дасының бригадирі Болат Ермахановтың айтуына қарағанда, қазір жұмысқа 10 адам, 7-8 техника тартылған.
– Бүгінге дейін 450 гектарға жоңышқа егілді. Бірінші орымда 85 мың тай бастырылса, оның 65 мыңы арзандатылған бағада сатылды. Атап айтқанда,  серіктестік қарауындағылар әрбір жоңышқа тайын 100 теңгеден сатып алса, жер үлесі бар ауыл тұрғыны мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 теңгеден, яғниодан да төменгі бағада ұсынылуда. Науқан барысында 3-4 орымға дейін жұмыс істейміз. Мал азығының мол қорын жасауда бригада шөпшілері аянбай еңбек етуде. Екінші орым басталуда. «Жоңышқа жеген мал семіз» деген. Мал азығының қыстық қорын жасақтауда ауылымызда тапшылық болмайды, – дейді шөпшілер бригадирі.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК     
17 шілде 2019 ж. 1 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031