» » МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Қылышын сүйретіп қытымыр қыс қыр басына жеткенде қаһарлы маусымда отын жарып, көмір тасығаннан бөлек, қорадағы азын-аулақ малға жем-шөп дайындаймыз. Ауылдағы ағайынның тірлігі осы. Жылма-жыл қайталанып келетін күйкі тірліктің жетегінде отбасының қамымен қолдан келген кәсіпті жалғап, тіршілік қыламыз. Диқандардың да ала жаздайғы еңбегі ақталатын сәтте жем-шөп қамы да қыза түседі.
– Биыл 50 мың тонна шөп да­йын. Күдеге жиналып, қысқа сай тұрмыз. 12 мың тонна жоңышқа, 33 мың тонна сабан бар. Жалпы жоспар орындалды. Малы бардың бәрі жем-шөпке қамтылады, барлы­ғына жетеді. Жемнен 3 вагон бидай кебегіне солтүстікке тапсырыс беріп қойдық. Оның әрбірінде 45 тоннадан бар. Қараша-қаңтар айлары үшін. Ал, халық күнделікті қажетін арнайы жем сататын дүкендерден сатып алып та отыр, – деді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Жағыпар Төлегенов.
Мал шаруашылығы кең өріс алған өңірде жем-шөптің қамы бас­ты назарда. Өйткені, баспана салу үшін алдымен құрылыс материалын қамдап алатын қазақ үшін бастысы да – осы. Аудан көлеміндегі әрбір шаруашылықтың жоңышқа алқабы бар. Шабындық, жайылымдық жер көлемдерін де еншілеген. Бұл ретте, оларға да қиын болмасы анық.
– Мал басы артқан сайын қажеттіліктер де көбейері заң­дылық. Бірақ, біз жоспарды мал басына сәйкес орындаймыз. Сон­дықтан жоспарда кемшін кететін тұстар болмайды. Жай­лау­дағылар да салқын түсе бастағаннан қыстауға орныққан, – деді бас маман.
Аграрлы аймақ болған соң мал азығынан анау айтқандай қиындық бола қоймайды. Шөп бағасы да қазір көтерілгенмен, өзіміз дайындаған соң оң жамбасқа шығып отыр. Алайда, биылғы табиғаттың тосын мінезі Сыр салысына ғана емес, шөп дайындауда кедергісін келтірді.
– Ауа райының қолайсыздығы тек күрішке ғана емес, жоңышқаны жинап, бастыруда да қиындау боп тұр. Екінші орымын бола бергенде күріш ору науқанына кірісіп кетті көбі. Сөйтіп, үшінші орым сәл кешеуілдеп қалды. Бұл да «сабақты ине сәтімен» келеді. Үлкен мәселе емес, – деді Жағыпар Төлегенов.
Жыл сайын тұтынушы ретінде Жаңақорғанның жоңышқасын алатындар биыл Қызылорда базарынан оған қолы жетпей жүр. Өйткені, оңтүстікте шөп қат болған соң, облыс бойынша баға да мерзімінен бұрын өсіп тұр. Ал, өздері алқаптан орып алатын шаруалардың мұртын балта шаппасы анық. Қайткенмен, өзгеге телміргеннен өзіңнен шық­қан­ға не жетсін?!
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
24 қазан 2018 ж. 2 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031