АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін «Руханият» орталығында аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен іскерлік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шарада аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп:
«Бүгінгі кездесу – аудан кәсіпкерлері үшін өзекті мәселелерді ортаға салып, сала мамандарымен пікір алмасуға және көкейдегі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Біздің басты мақсатымыз – аудан орталығымен қатар, шалғай елді мекендердегі тұрғындарды да осындай мүмкіндіктерден хабардар ету. Себебі әрбір азамат тиімді бағдарламаларды пайдаланып, өз кәсібін дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік алуы керек. Осындай маңызды басқосуды ұйымдастырған Қазақстан «Халық Банкі» акционерлік қоғамы өкілдеріне алғысымды білдіремін! Баршаңыздың жұмыстарыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке, бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін», – деді.
Жиын барысында тиісті сала мамандары кәсіпкерлерге қаржыландыру бағыттары, қолданыстағы бағдарламалар және бизнесті дамытуға арналған мүмкіндіктер жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қатысушыларға өз салалары бойынша қажетті ақпараттар ұсынылып, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сала мамандарымен еркін сұхбаттасты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі















