» » Аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті


Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрланбаев Ерлан Құмарбекұлының аудан кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Жиынды аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы жүргізіп, кездесудің негізігі мақсаты ауданымыздағы кәсіпкерлік саласын дамытуға, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы кәсіпкерлерді қолдау түрлері мен бағдарламаға қатысу шарттары туралы толық ақпараттар беру болып табылады, - деді аудан басшысы.

Кездесу барысында сөз алған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Е. Қ. Нұрланбаев аудан кәсіпкерлеріне әріптестік орнатуда бизнесті жүргізу жайлы арнайы дайындалған слайд арқылы кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен бірге кездесуде аудан кәсіпкерлері өздерінің толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Мұса Оспанұлы аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік ашып, бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Кәсіпкердің әрбір ұстанымын қолдауға және олардың идеяларын жүзеге асыруға барлығымыз жұмыла қызмет жасауымыз қажет деп атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 қараша 2020 ж. 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930