» » Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел

Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел

«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті Байқоңыр қаласының бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті Байқоңыр қаласының бөлім басшысы Ұзақова Шара ашып, жүргізді.
«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының косультанты Мереков Әсет және Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім маманы Жаксиликова Айдана өз баяндамаларын оқып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды.
Мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасаудың зардаптары түсіндіріле отырып, ұжымда тәртіп пен реттілікті нығайту, тапсырылған жұмыс аумағында қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін маңызды екендігі айтылып өтті.
Кездесу барысында шараға қатысушылар пайдалы да нақты ақпараттар алып, бір-бірімен пікір алмасып тарасты.
13 шілде 2018 ж. 2 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031