Құрылтай
» » «КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСТАР ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСТАР ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Молдабаев Диас Асылбекұлының қатысуымен «Конституция – жастар әлеуетін дамытудың кепілі» тақырыбында аудан жастарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының тарихи маңызы мен қоғам өміріндегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзгерістер туралы айтылды.

Сонымен қатар жастар саясатына қатысты жаңа Конституцияның басымдықтарына ерекше назар аударылып, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың білім алуына, еңбек етуіне, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына және еріктілік қызметін дамытуға жасалып отырған мүмкіндіктер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығы кеңінен талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушылар ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, жастар саясатын одан әрі жетілдіруге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы кітаптары сыйға тартылды.

08 шілде 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 936

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031