» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Бүгін Сырдария ауданында Руханият орталығында ерікті жастармен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу ұйымдастырылды. Басқосудың негізгі тақырыбы – «Жаңа конституциялық реформа – әділетті қоғамның негізі».

Кездесуге Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Сейтжан және А.Ибрагимұлы қатысып, 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумның маңыздылығы туралы кеңінен баяндады. Олар жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға тоқталып, реформаның ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне ықпалы жайында түсінік берді.

Жиын барысында жастар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара сенім мен еркін пікір алмасуға жол ашты.

Шара соңында қатысушылар қоғамдық өзгерістерге әрбір азаматтың атсалысуы маңызды екенін атап өтті. Саналы, белсенді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының кепілі екені ерекше айтылды.

Еліміздің болашағы – өз қолымызда.
02 наурыз 2026 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930