» » «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы»

«Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы»


«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық коалициясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Қуаңдария ауылы тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосу ауыл жұртшылығының, шаруа қожалықтары өкілдерінің және түрлі сала мамандарының қатысуымен ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылды.

Кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Ғалымжан Ақжігітов, Болат Бөгетов, Нұржұман Пірназаров қатысып, жаңа Конституциялық жоба аясындағы басым бағыттарға жан-жақты тоқталды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында айқындалған негізгі өзгерістер мен жаңашыл бастамаларды елге түсіндіру, оның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау және Конституциялық реформалар – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет құру жолындағы нақты қадам екені атап өтілді.

- «Жаңа Конституция – бұл жай ғана заңнамаға енгізілген өзгерістер емес. Бұл – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматтың үні естілетін, әділетті қоғам құруға бағытталған нақты қадам. Біз бүгін халықпен кездесіп, әр ұсыныс пен пікірді тыңдауды басты міндетіміз деп санаймыз. Себебі мемлекет пен қоғам арасындағы сенім – ашық диалог арқылы қалыптасады», – деп атап өтті Мұрат Ергешбаев.

Пікір алмасу барысында ауыл тұрғындары Конституциялық жобамен толық танысқандықтарын жеткізіп, оң көзқарастарын білдірді. Басқосу өзара сенім мен ашық диалог алаңына айналып, ауыл тұрғындарының ұсыныстары алдағы уақытта да назардан тыс қалмайтыны айтылды.

18 ақпан 2026 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930