» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ


Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында аумақтық коалиция мүшелері қаржы саласының қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізді. Пікір алмасу форматында ұйымдастырылған жиын ел дамуының жаңа кезеңіндегі саяси реформалар мен Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын талқылауға арналды.
Кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Ғалымжан Ақжігітов, Дәулет Қанатбай және Марат Асылов қатысты. Келелі кездесу барысында қаржы саласы мамандарымен ашық диалог құрып, жаңа Конституциялық жобасы аясындағы негізгі басымдықтар кеңінен сараланып, жан-жақты талқыланды.
Аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов өз сөзінде Конституциялық өзгерістердің тарихи маңызына тоқталды:
– Жаңа Конституцияны біз жай ғана заңдарға енгізілген түзетулер деп қабылдамауымыз керек. Бұл – мемлекеттің даму философиясын жаңғыртатын, ел болашағына бағыт-бағдар беретін стратегиялық құжат. Негізгі мұрат – Әділетті Қазақстанды орнықтыру, – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Әділ Қошалақов реформалардың экономикалық тұрақтылық пен инвестициялық ахуалды жақсартуға да оң әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, заң үстемдігі мен ашықтық – қаржы саласының тиімді жұмыс істеуінің негізгі кепілі.
Коалиция мүшесі Дәулет Қанатбай өз сөзінде жаңа Конституциялық жобаның қаржы саласына жүктейтін міндеттеріне тоқталды:
– Конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа серпін береді. Әсіресе, бюджеттік ашықтық, қоғамдық бақылау және есептілік тетіктері күшейеді. Бұл – қаржы саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз заң талаптарын мүлтіксіз орындап қана қоймай, халық сенімін ақтауға тиіспіз, – деді ол.
Сонымен бірге, ол экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуы жергілікті деңгейдегі кәсіби біліктілік пен адал еңбекке тікелей байланысты екенін атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, Конституциялық реформалардың өңірлік дамуға ықпалы жөнінде ой бөлісті.

20 ақпан 2026 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 145
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031