» » ЕЛ ДАМУЫНА ЕСЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

ЕЛ ДАМУЫНА ЕСЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ


Аудан әкімінің тапсырмасымен «Руханият» орталығында Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іскерлік пен жауапкершілікті серік еткен азаматтардың еңбегін ұлықтау мақсатында өткізілген салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бәсекеге қабілетті бизнес – кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан отандық өндірісті дамыту мен кәсіпкерлікті қолдау еліміздің негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі. Бүгінде ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 9 537,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды көрсетті. Бұл нәтижеге қол жеткізуде аудан кәсіпкерлерінің еңбегі зор», – деді Диас Асылбекұлы. Сонымен қатар олардың қайырымдылық шараларына белсенді қатысуы жолындағы бастамаларына өз ризашылығын білдірді.

Мерекелік кездесуде ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар кәсіпкер облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сондай-ақ шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ақжарма тілегін білдіріп, кәсіпкерлерге батасын берді. «Қармақшы даму» кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмас Қаржаубаев, аудан кәсіпкерлері Жанар Бұқпанова мен Нұрдидар Мырзабек сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Мерекелік іс-шара әрі қарай аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қараша 2026 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 223
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30