» » » «ТУҒАН ТІЛІМ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ»

«ТУҒАН ТІЛІМ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ»


Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты іс-шара өтті. Рухани маңызы зор кездесуге аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, айтулы мерекемен құттықтады.

-Бүгінде Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің мәртебесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақ тілі – халқымыздың рухани өзегі», – деп атап өткен болатын. Бұл сөздің мәні терең. Өйткені ана тілімізде халқымыздың өткені мен бүгіні, салт-санасы мен ұлттық болмысы жатыр.
Қазақтың сөз өнері мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қасиетті Қармақшы үшін бұл құндылықтардың орны ерекше.
Қармақшы – жырдың қасиеті мен сөздің салмағы қатар бағаланған, еліміздің тарихы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құтты жер. Осы айтулы күні ұлттық мұрамызды дәріптеуге, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беруге атсалысып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін!
Рухы биік елдің тұғыры да биік.Қасиетті Қармақшының жыраулық өнері мен дәстүрі жасай берсін! Ел ішіндегі ынтымақ пен бірлік нығая берсін,- деді Диас Асылбекұлы.

Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ана тіліміздің абыройын асқақтатуға үлес қосып жүрген бірқатар азамат облыс әкімінің, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Тіл – халықтың ғасырлар бойы сақталған асыл қазынасы. Осы ретте ұлттық өнер мен рухани мұраны дәріптеген мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, әсем ән мен халқымыздың мәдениетін ұлықтау мақсатында күмбірлеген күй көпшілікке ұсынылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 қыркүйек 2026 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 791
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 079

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930