Конституция
» » » «ҚОС ІШЕКТІҢ ҚОҢЫР ҮНІ»

«ҚОС ІШЕКТІҢ ҚОҢЫР ҮНІ»


Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен ұлттық домбыра күніне орай орталық алаңда «Қос ішектің қоңыр үні» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

– Сыр елі – жыраулық өнердің киелі ордасы. Рухани өміріміздің темірқазығы саналған жыраулар дәстүрі осы киелі мекенде үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жетті. Осындай рухани қазынаға бай елдің бірі – қасиетті Қармақшы ауданы. Тарихы терең Қармақшы топырағы – талай жыраулар мен шайырлардың, өнер мен сөз майталмандарының алтын бесігі. «Жүз жырауын жүзіктеген, жүз шайырдың мекені» атанған өлкемізден Қорқыт ата сынды ұлы ойшылдың ізі қалған. Бұл өңірден шыққан жыршылар мен күйшілердің мұрасы – ұлттық өнеріміздің алтын арқауы. Домбыраның қоңыр үні ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына рухани тәрбиені сіңіре береді. Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! – деді Диас Асылбекұлы.

Кеш барысында жыршылық өнерді насихаттап жүрген жыраулар терме-толғаулар орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ әуез мектебі мен күй орындаушылар ұлттық өнердің көркем үлгілерін ұсынып, кештің мазмұнын аша түсті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 шілде 2026 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 913

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031