» » Аудан әкімі домбыра күнімен құттықтады

Аудан әкімі домбыра күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды халқымыздың баға жетпес байлығы, асыл қазынасы – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра қазақ елінің ұлттық музыкалық аспабы ғана емес, халық мұрасы болып табылады. Қазақ қашанда домбыраны төрге іліп, қадір тұтқан.
Бүгінгі күні киелі домбырамыз арқылы «Сыр елі – жыр елі» деген ұғым ұлттық мәдениет төрінде берік орнығып, жыршы-жыраулардың өнер мектебі қалыптасты.
Дарабоз ақындар мен шайырлардың мекені қасиетті Қармақшы өлкесі «Жүз жыраудың елі» аталуына себеп болды.
Тарихы тереңнен тамыр тартқан өлкемізде бұл өнерді ұстаушылар, шәкірт тәрбиелеп кейінгіге мұра етушілер әлі де бар.
Бір кездері Тұрмағамбет, Базар жыраулар салып кеткен сара жол Жиенбай, Рүстембек, Нартай, Балқашбай, Көшеней Рүстембеков, Қуандық Бүрлібаев, Шәмшат Төлепова, Алмас Алматов, Рысбек Әшімов, Бидас Рүстембековтер арқылы жалғасты. Қазір Сыр бойында Жиенбай, Нұртуған, Нартай мақамдарына негізделген жыраулық өнердің мектебі бар.
Жыраулық өнердің көрнекі өкілдерінің ізін жалғастырушы, бүгінде елге танылған жыршы-жыраулар қатарында Жұмабек Аққұлов, Алмас Алматов, Серік Ыдырысов, Қасарбек Кәрібаев, Зәуре Кәрібаева, Дінислам Тоқсанбаев, Берік Саймағамбетов, Серік Жақсұғұлов, Майра Сәрсенбаева, Айкерім Ешбаева және басқа да жыр майталмандары төл өнеріміздің дамуына елеулі үлес қосып келді.
Қазірде ұлттық аспабымыздан шыққан құдіретті күй мен шалқыған әнді бүкіл әлем тамсана тыңдайды.
Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз.
Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».
Қасиетті ұлттық аспабымыз – домбыра төрімізден түспесін!
Халқымыздың бай тарихынан, түрлі кезеңінен сыр шерткен күй-толғау мен жыр-дастандар, әсем әуен құлағымыздан кетпесін!
Қазақтың киелі аспабы, құнды жәдігер домбырамыздың ғұмыры мәңгі болсын!
Баршаңызға Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!

Құрметпен аудан әкімі
Жандос ЕРКІНБЕК 


02 шілде 2023 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930