Құрылтай
» » » ЖАС АҚЫНДАР ТІЛ ҚАҚЫНДА ЖЫРЛАДЫ

ЖАС АҚЫНДАР ТІЛ ҚАҚЫНДА ЖЫРЛАДЫ

Жақында Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Ана тілінің мәртебесін көтеру, дарынды жастардың шығар­машылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мұрындық болды. Оған 16-22 жас аралығындағы 13 талапкер қатысып, бақ сынады. Жазба ақындар сайысында әр үміткер екі өлең оқып, қазылар алқасының бағасына ие болды.
Мүшәйра қорытындысында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» және «Туған өлке» тақырыбындағы өлеңімен жосалылық жас ақын Еркебұлан Серіков бас бәйгені жеңіп алса, «Тілім – тірлігім» және «Абай ақынға арнау» атты өлеңімен төретамдық Аяжан Шалбай І орынды иемденді. Ал, Қармақшы ауылынан қатысқан жас талант Орынбек Құндыбеков «Тіл – қоғам айнасы», «Мәңгілік ел мұраты», қуаңдариялық Жансая Мұханбетияр «Тілім – шуағым», «Көп болды» атты өлеңдерімен ІІ және ІІІ орынды меншіктеді.
Ана тілді ардақтаған шарада жүлде салған жас талапкерлер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломы, сондай-ақ бағалы сыйлығымен марапатталды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
11 қыркүйек 2018 ж. 2 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 701
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31