» » РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ


Аудан әкімінің тапсырмасымен ұлттық мереке – Республика күніне орай орталық алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылды. Еліміздің егемендігі мен бірлігін ұлықтаған тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

- Бұл мереке – егемендігімізді дәріптейтін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын ерекше күн. Бүгінде Қазақстан – өз бағытын айқындаған, жарқын болашақ жолында ауқымды істер атқарып келе жатқан тәуелсіз мемлекет.
Еліміздің ең басты құндылығы – бейбітшілік, тұрақтылық және халықтың бірлігі. Осы құндылықтарды сақтау мен нығайту – баршамызға ортақ міндет.

Бүгінгі тағылымды концерт баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік шаттыққа бөлесін!
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан барша азаматқа ризашылығымды білдіремін! Әр шаңырақта қуаныш пен береке орнасын,- деді Диас Асылбекұлы.

Мерекелік концерт барысында жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, патриоттық рухтағы әндер шырқалды. Өнерпаздардың әсем әуені мен тағылымды өнері мерекенің мазмұнын аша түсті.

Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын! Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 153
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031