» » АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Бүгін ауданымыздың орталық алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты гала-концерт өтті. Еліміздің құқықтық негізін қалаған Ата Заңымыздың 30 жылдығына арналған бұл мәдени шара – ел бірлігі мен тәуелсіздігін ұлықтаған, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеген тағылымды кеш болды.

Гала-концерттің шымылдығы аудан өнерпаздарының орындауындағы патриоттық бағыттағы ән-күй және музыкалық қойылымдармен ашылды.

Мерекелік кештің көркін еліміздің танымал эстрада жұлдыздары — Дана Кентай мен Alhamның арнайы қатысуымен өткен концерттік бағдарлама аша түсті. Сахна төрінде шырқалған әсем әндер мен әсерлі орындаулар көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпшілікке ерекше әсерге бөледі.

Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған бұл кеш – ел Конституциясына деген құрметтің, қоғамдық татулықтың жарқын көрінісі.

Конституция күніне арналған шаралар легі алдағы күндері де жалғасын таппақ.
30 тамыз 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031