» » Конституция күні аталып өтілді

Конституция күні аталып өтілді

Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті. 

Мерекелік іс-шара сахна төріне Мемлекеттік Тудың енгізілуімен және Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды.

Мұнан соң аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлы көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, Ата Заң – елдіктің негізі, егемендіктің нышаны екенін айтып өтті.

– Ата заңымыз – елдік пен егемендіктің алтын діңгегі, өрлеу мен жаңғыруға жол бастаған еліміздің басты құжаты. Ата Заң талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз, – деді Ш. Сыдықов.

Одан кейін, шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сала қызметкерлері марапатталды.

Мерекелік іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
30 тамыз 2024 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 159
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 356

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031