Аудан әкімі мерекемен құттықтады
Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды мерейлі мереке 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.
Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан халқы өз жолын таңдап, тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына лайықты екенін көрсетті. «Көптің сөзі – киелі», дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыз тарихи мақсаттарымыз бен міндеттерімізді іске асырудың берік негізі болды. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы-адам, оның құқығы мен бостандықтары. Аталған заңнама осындай ұланғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, тату-тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады.Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығын терең сезінеді.
Еліміздің Ата заңы саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім, мемлекеттің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына кепілдік береді.Ата Заң талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Қадірменді қауым! Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айнала берсін! Әрбір шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі
М.Қалдарбеков