Аудан әкімі Конституция күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді.
Ата заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады. Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Біз бүгінгі таңда мызғымас мемлекет пен айбары асқан қуатты ұлтқа, «Мәңгілік ел» деп қадам басқан табысты елге айналдық. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы – адам, оның құқығы мен бостандықтары болып табылады.
Ата Заң талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Алдағы кезеңдерде қасиетті Қармақшы жерінде тың бастамалар мен жарқын жобалар жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық дамуда қарқынды өзгерістердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.
Қадірменді ағайын!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.
Әрбір тұрғын Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы