Құрылтай
» » Қармақшыда жастар күніне орай мерекелік концерт өтті

Қармақшыда жастар күніне орай мерекелік концерт өтті


Аудандық орталық алаңда халықаралық жастар күніне орай «Жаңа кезеңге қадам басқан жастар» атты мерекелік концерт өтті.

Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, Қармақшының жалынды жастарын төл мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жастардың жасампаз бастамалары мен тың идеяларын қолдауға әрдайым дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, әр салада табысты еңбек етіп жүрген белсенді жастар ынталандыру мақсатында облыс әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының және аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Одан соң, мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

12 тамыз 2023 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 631
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31