» » РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Республика күніне және «Алтын күз–2024» ауылшаруашылығы озаттарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов арнайы қатысып, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының мерекелік құттықтауын жеткізді.

Одан кейін, аудан басшысы жиналған қауымды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.

– Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ұлтымыз ұлықтаған атаулы күнді Қармақшы ауданы толағай табыстармен қарсы алуда. Бүгінде облыс әкімінің ерекше қолдауының арқасында аудан бюджеті 17 млрд 793 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 46,6% -ға артып отыр. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында макроэкономикалық көрсеткіштерінің барлығында оң көрсеткіштер қалыптасты. Биылғы жылы ауыл шаруашылық құрылымдары да жемісті еңбек етті. Аудан бойынша 25 476 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде 95 гектар жерге су үнемдеу техникасын пайдаланылды. Негізгі дақыл күріш көлемі 13 270 гектар жерге орналастырылып, орташа әр гектардан 60 центнер өнім алынды. Қамбаға 79 620 тонна астық құйылды. Осындай еңбектің арқасында егін шаруашылығы бойынша облысымызда «Озат аудан» номинациясына ие болдық, –деді аудан әкімі.

Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы», «Қызылорда облысының Құрмет грамотасы», облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар, жыл қорытындысымен ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені саласында үздік жетістіктерге жеткен еңбек озаттары да марапатқа ие болып, су жаңа автокөліктер мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шара мерекелік концертке ұласты.

25 қазан 2024 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 610

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031