Қармақшыда жыл үздіктері марапатталды
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен жыл қорытындысына байланысты салтанатты іс-шара өткізіліп, жыл үздіктері марапатталды.
Аудан басшысы жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өткен жыл толағай табыстар мен ілкімді істерге толы болғанын айтты.
– Өткен 2023 жылы аудан халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан эконономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша ауданымыз облыстың өңірлері арасында көш басынан көрінді. Бұл – ел Президентінің сарабдал саясаты мен облыс әкімінің қолдауының арқасында атқарылған жұмыстардың жемісі, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан басшысы өткен жылы іске қосылған «Қармақшы құс» фабрикасы мен жаңадан ашылған әлеуметтік нысандар, пайдалануға берілген тұрғын үйлер, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы уақытқа қойылған межелі міндеттерді атап шықты.
Одан соң, мерекелік іс-шарада ауданның дамуына үлес қосып жүрген бір қатар сала мамандары облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, 2023 жыл көлемінде жетістіктерімен көзге түскен сала озаттары құрмет төрінен көрінді.
Жылды қорытындылау іс-шарасы әрі қарай аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.