» » Жыл үздіктері анықталды

Жыл үздіктері анықталды


Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады. Салтанатты іс-шарада аудан басшысы Қайрат Нұртай қармақшылықтарды Жаңа 2022 жыл мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталды.
- 2021 жыл аудан халқы үшін жемісті жыл болды. Биылғы жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша Қармақшы ауданы облыстағы «Үздік аудан» атанды. Жосалы кентінде табиғи газ іске қосылып, 1500-ге жуық отбасы көгілдір отынның игілігін көруде. Жосалы кентінен көп балалы отбасыларға арналған 10 тұрғын үй табысталды. Сондай-ақ, қыс-жаз мезгілдерінде балалар тынығуға арналған лагер құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайындалып жатыр.
Жаңа жыл баршаңызға жақсы жетістіктер мен толағай табыстар әкеліп, әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, мол жақсылық сыйласын, - деді аудан әкімі Қайрат Нұртай.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтар «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Халық алғысы» медальдарымен марапатталып және «Жыл үздіктері» номинацияларын иеленді.
Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, жергілікті өнерпаздар кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

30 желтоқсан 2021 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 717
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31