» » Аудан әкімі ауылшаруашылық саласының қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі ауылшаруашылық саласының қызметкерлерін құттықтады


ҚҰРМЕТТІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
ҚАДІРЛІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын көңілмен құттықтаймын.
Қазір әлемдегі ең тұрақты әрі сенімді валюта – азық-түлік. Соған сәйкес, уақыт өткен сайын ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы арта түсуде.
Осы мақсатта, аймақ басшысының қолдауымен ауданда ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде іске асырылып келеді.
Биылғы жылы дала еңбеккерлері суармалы судың аздығынақарамастан ел қамбасына мол өнім жинап, «Ырысты, күрішті, Қармақшы» елінің даңқын бүтін елге тағы да паш етті.
Ауданымыз 2021 жылдың қорытындысымен облыс бойынша ауылшаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «ҮЗДІК АУДАН» атанды.
Сондай-ақ, Қармақшы ауданы төрт түлігі сай өңір ретінде өркен жайып, мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.
Қараөзек арнасының «Қожантай» учаскесіндегі су тоспасы қайта қалпына келтіріліп, жайылымдық жерлер көбейіп, мал шаруашылығының одан әрі дамуына зор мүмкіндіктер ашылды.
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор деп білемін. Аудан еңбеккелері халықты жоғары сапалы, экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етуде үздіктер қатырында бола беретіне сенімдімін.
Қымбатты ауыл шаруашылығы қызметкерлері, осы мереке күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыстар, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы

21 қараша 2021 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930