» » Аудан әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы


Құрметті қармақшылықтар!

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жү­ректен құттықтаймын!
Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге – 30 жыл.
Біз осыдан 30 жыл бұрын Тәуелсіздік таңы атқан атамекеніміздің азат күнін ерекше тебіреніспен, зор мақтанышпен қарсы алдық.
Осы уақыт аралығында Қазақстан – шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Тәуелсіздік туы желбіреген 30 жылда Елбасы ұстанған «алдымен экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарып, еліміздің экономикасы дамыды.
Еліміз Тәуелсіздік жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған қасиетті Қармақшы елі де өз үлесін қосып келеді. Аудан экономикасы жыл сайын өсіп, ауылшаруашылығы мен өндірісі қарқынды даму үстінде.
Оның бір дәлелі, биылғы жылы ауданымыз ауылшаруашылығы саласы бойынша облыс көлемінде «Үздік аудан» атанды. Сондай-ақ, қармақшылық «Жаңажол», «Тұрмағамбет», «Ақтөбе и К», «Достық жер МК» ЖШС диқандары күріш өндіруден облыста жыл сайын үздіктер қатарында көрініп, аудан абыройын асқақтатуда.
Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында халықтың көптен күткен қуанышы Жосалы кентінде табиғи газ іске қосылды. Қазір 1300-ге жуық отбасы көгілдір отынның игілігін көруде. Оған қоса, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 10 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жалпы 30 жыл ішінде аудан бойынша 67 әлеуметтік нысан және Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде экономикамызды қалыптастырсақ, бүгінде рухани даму бағытында жүйелі жұмыстар іске асырылуда. Сыр сүлейлерінің ізін жалғап, дәстүрлі жырды әлемдік деңгейге шығарған Алмас Алматов, Бидас Рүстембеков, Серік Жақсығұловтар жүз шайыр елінде жыраулық мектептің қайта қарқын алуына жол ашты.
Ауданда республика бойынша ең алғашқы болып «Жыраулар үйі» ашылып, еліміздегі жыраулық өнердің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Биыл ауданда жыр дүлділі Көшеней Рүстембековтің 75 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілуде. Одан бөлек, жүз жырау шыққан елден – 100 спорт шебері шығып отыр. Тек қана ауданның емес, тұтас елдің атын әлемге танытып, көк байрағымызды желбіретіп жүрген спортшыларымызды да зор мақтанышпен айта аламыз. Биылғы жылы Жосалы кентінде денешынықтыру және спорт кешенінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде ауданда бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай үлесін қосады.
Қымбатты жерлестер!
Ел егемендігін алғаннан бастап Қармақшы ауданы өз тұғырынан түспей еңбек пен табыстың, татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінгі ұрпағы да ата-баба дәстүрінен айнымай, туған жердің дамуына өз үлестерін қосуда.
Бүгінгі маңызды мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз баянды болсын. Ел еңсесі қашанда биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Қайрат НҰРТАЙ
16 желтоқсан 2021 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031