» » АРХИВШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АРХИВШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ


Бүгін «Руханият» орталығында 22 желтоқсан – «Архившілер күніне» орай мерекелік шара өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, архив саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ архив қызметкерлерінің тарихи құндылықтарды сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудегі маңызды рөлін атап өтіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Қабылдау барысында сала мамандары көпжылдық еңбегі мен архив ісін дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Айта кету керек, 2024 жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда «Руханият» орталығы бой көтеріп, аудандық архив жаңа әрі заманауи ғимаратқа көшірілді. Осы жүйелі жұмыс нәтижесінде саланың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап республика көлемінде енгізілген «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бүгінде ауданымызда кеңінен қолданылуда. Қазіргі таңда бұл жүйе арқылы 26 мемлекеттік мекеме өз жұмысын жүргізуде.

24 желтоқсан 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 314
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031