» » Аудан әкімі "Руханият" орталығында болды

Аудан әкімі "Руханият" орталығында болды




Аудан әкімі Жандос Еркінбек «Руханият» орталығында болып, мекеменің жалпы жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында аудан басшысы орталықтың қызметкерлерімен кездесіп, рухани-ағартушылық бағыттағы жобалар мен бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында аудан әкімі орталықтың материалдық-техникалық базасын жетілдіру бағытында мекемеге қажетті құрал-жабдықтарды нақтылап, бұл бағытта тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, «Руханият» орталығының аудан үшін маңыздылығына тоқталып, мекеменің қызметін жандандыру бойынша қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Руханият жылы» аясында бой көтерген орталықта неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі сынды бірқатар нысандар орналасқан. Қазіргі таңда бұл кешен аудан тұрғындары мен қонақтарына жан-жақты қызмет көрсетуде.

Аудан әкімінің айтуынша, мұндай мәдени-ағартушылық мекемелер қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызды рөл атқарады. Осыған орай, мекеменің тиімді әрі сапалы жұмыс істеуі үшін жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
26 тамыз 2025 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930