Құрылтай
» » Құрылыс нысандары бақылауда

Құрылыс нысандары бақылауда




Аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Төретам кентіндегі табиғи газ тарту жобасын бақылап, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылады. Бұл жоба кент тұрғындарына экологиялық таза отынды пайдалануға мүмкіндік беріп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға себеп болуда.

Одан кейін, аудан әкімі Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болды. Құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына ерекше көңіл бөліп, тұрғын үй мәселесін шешу – басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сапар соңында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен салынып жатқан "Руханият" орталығының құрылыс жұмыстарын көрді. Бұл орталық өңірдегі рухани-мәдени дамуды қолдауға бағытталған және оның құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар үшін маңызды мәдени орынға айналады деп күтілуде.
20 тамыз 2024 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 573
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 038

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31