» » Қармақшы ауданы әкімі бірқатар нысандарды аралады

Қармақшы ауданы әкімі бірқатар нысандарды аралады


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Қ.Жолдыбаев көшесіндегі абаттандыру жұмыстарының сапасын бақылады. Бұл жұмыстар көшенің келбетін келтіріп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр.

Одан кейін аудан әкімі аймақ басшысының қолдауымен салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарының барысын қадағалады. Нысан басында жауапты мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы етіп жасауды және мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Шынар Ана» автобекеті ғимаратының жай-күйімен танысып, нысан иесіне жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты.

Жосалы кентіне кіре берісіндегі төл құжатының құрылысымен танысып, Тәуелсіздік ықшам ауданындағы әлеуметтік осал топтағы және кезектілікте тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көрді.

Сонымен қатар Ү.Томанов, Меней батыр көшелерінің жөндеу жұмыстары мен Т.Рысқұлов, І.Мүсірбаев көшелерін абаттандыру жұмыстарын бақылады.

Сапар соңында Теміржол вокзалының және «Бибінұр» базарының жай-күйімен танысып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырамалар жүктеді.

15 тамыз 2024 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930