Құрылтай
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Қармақшы ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі – «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында Қайрат Нұртай аудан әкімі Жандос Еркінбекпен бірге нысанның құрылыс сапасын, жұмыстың уақытылы орындалуын және жобаның жергілікті тұрғындардың рухани-мәдени қажеттіліктеріне сай болуын мұқият тексерді.

Облыс әкімі бастамашы болған бұл орталық өңірдің рухани дамуын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін заманауи кешен болмақ. Жоба аяқталғаннан кейін ауданның мәдени инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріліп, тұрғындар үшін мәдени іс-шараларды ұйымдастырудың басты орталығына айналады деп күтілуде.

07 желтоқсан 2024 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31