» » Құрылыс нысандарының сапасы бақыланды

Құрылыс нысандарының сапасы бақыланды


Облыстық бақылау жөніндегі басқарманың басшысы Ғанижан Піртазаұлы Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлымен бірге маңызды құрылыс нысандарын тексерді.

Сапар аясында алдымен аудан әкімдігінде кеңес өтіп, құрылысы жүріп жатқан нысандардың жағдайы талқыланды. Жобалардың сапасын арттыру, оларды белгіленген мерзімде аяқтау және халықтың сұраныстарын ескеру мәселелері қаралды.

Бұдан кейін Жосалы кентінде бой көтеріп жатқан «Руханият» орталығының құрылысымен танысты. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл нысан мәдениет пен рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған. Оның сапалы әрі уақытында пайдалануға берілуі қатаң бақылауда болатыны ескертілді.

Сапар барысында Бойный мөлтек ауданындағы демеушілердің қолдауымен жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары да бақыланды. Аудан әкімі бұл жобаның тұрғындар өтініштеріне негізделіп, демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдарында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қаралды. Заманауи талаптарға сай бұл нысан тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына және спортты насихаттауға жағдай жасайды деп күтілуде.

Барлық құрылыс нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау және олардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

03 желтоқсан 2024 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 604
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930