» » Қармақшы ауданы әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Қармақшы ауданы әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады


Аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданға қарасты бірқатар елді мекендерге жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс нысандарының жай-күйімен танысты.

Алдымен аудан басшысы Ақай ауылында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қадағалады. Нысан басында мердігер мекеменің басшысына құрылыс қарқынын жеделдету және сапаны арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдарында бой көтеріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің жұмысын бақылап, ауыл әкімдеріне құрылыс барысын тұрақты түрде қадағалауды тапсырды.

Одан кейін Жосалы кентінде облыс әкімінің бастамасымен салынып жатқан типтік үлгідегі «Руханият орталығының» құрылыс алаңына барды. Бұл орталық – әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тың жоба. Қармақшы ауданында «Руханият орталығының» құрылысы сәуір айында басталған. Мердігер мекеме «Иман» ЖШС жұмысты желтоқсан айында аяқтамақ. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын тиянақты жүргізіп, нысанды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.

21 қараша 2024 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031