» » Қармақшы ауданы әкімінің елді мекендерге жұмыс сапары

Қармақшы ауданы әкімінің елді мекендерге жұмыс сапары


Аудан әкімі Жандос Еркінбек бүгін ауданға қарасты бірқатар елді мекендерге жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарының жай-күйімен танысты.

Алдымен, ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдарында бой көтеріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс барысын бақылап, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы және сапалы орындалуы бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, құрылыс үдерісін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне міндеттер жүктеді.

Одан кейін Қармақшы ауылында салынып жатқан жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарын көрді. Аталған медициналық мекеме ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттырады. Аудан басшысы нысанның белгіленген мерзімде іске қосылып, заманауи стандарттарға сай жабдықталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Марал Ишан» кесенесіне апаратын автожолдың құрылыс жұмыстарын тексерді. Жол құрылысының сапалы жүргізілуі тұрғындар мен баба кесенесін зиярат етушілер үшін қауіпсіз және ыңғайлы қозғалыс жолын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде атап өтілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, аудан әкімі құрылыс нысандарының уақытында әрі сапалы пайдалануға берілуі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Мердігер ұйымдар мен жауапты мекемелерге қатаң бақылау орнатуды және нысандардың мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

05 қараша 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 538

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930