Құрылтай
» » Аудан басшысы Төретам, Ақай елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан басшысы Төретам, Ақай елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстарымен танысты


qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақай ауылдық округі мен Төретам кентіне жұмыс сапарымен барды.

Алдымен, аудан басшысы Ақай ауылдық округіндегі табиғи газге қосу жұмыстарын бағамдады. Тиісті сала басшысы мен ауыл әкіміне құрылыс жұмыстарының барлық талапқа сәйкес, сапалы әрі мерзімінде орындалуын жіті бақылауды тапсырды.

Одан кейін осы ауылда құрылысы жүріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыстарын қадағалады.

Құрылыс басында жауапты мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, халық игілігіне берілетін әлеуметтік нысанды уақытында, сапалы етіп пайдалануға беру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ақай ауылдық округімен іргелес жатқан Төретам кентін газдандыру жұмыстарымен танысып, кент әкімі мен сала басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы атқарылуын қадағалау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

19 шілде 2023 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31