» » Бақылау сапаны күшейтеді

Бақылау сапаны күшейтеді

Аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов сенбі күні ауданымызда болып, бірқатар құрылыс нысанының жұмысымен танысты.
Ол алдымен Ақай ауылдық округіндегі салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. Мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанын ескерте отырып, шартта көрсетілген мерзімде әрі сапалы аяқтауды жүктеді.
Байқоңыр қаласына іргелес орналасқан Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне тартылған табиғи газдың құрылыс жұмыстарын да бақылады.
Мұнан соң кенттегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 640 орындық №85 орта мектепте болып, құрылыстың қарқынын бағамдады. Сондай-ақ мердігерге жөндеу жұмыстарын сапалы да уақытылы бітіру қажет екенін тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Байқоңырдағы құрылысы жүріп жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің де жұмыс барысымен танысты. Көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Мұнда да ол құрылыс жұмыстарының қарқынын үдету қажеттігін және қала тұрғындарына уақытылы берілу керектігін ескертіп өтті.
«Ауыл – ел бесігі» жобасымен күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №121 орта мектепке де маңдай тіреп, мердігерге өскелең ұрпақ тәрбиеленетін білім ордасының жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге барынша мән беріп, мерзімінде аяқтау керектігін айтты.
Іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары қысқы жылу беру маусымының дайындық жұмыстарын көру мақсатында да көмір тасымалдаушы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Онда аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету жайы кеңінен сөз болды. Халыққа қатты отынды қолжетімді бағада ұсыну, тапшылықты болдырмау және бағасын тұрақты ұстап тұруды тапсырды. Одан бөлек Мархабат Жайымбетов қамтылған барлық нысан бойынша жауапты мердігерлер мен тиісті сала басшыларына құрылыстарды уақытында аяқтап, сапасына жауапкершілікпен қарауды назарға алды.
20 қыркүйек 2022 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031