Конституция
» » Облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысы ауданда болды

Облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысы ауданда болды


Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқарма басшысы Ғанижан Піртазаұлы ауданға жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында басқарма басшысы аудан әкімі Жандос Еркінбекпен және бір топ қоғам белсенділері, аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттарымен бірге облыстық маңыздағы Жосалы-Жалағаш автомобиль жолының бойындағы су басу салдарынан зақымданған көпір мен су өткеліне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді.
Қазіргі таңда, аталмыш көпірді жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Одан кейін, басқарма басшысы Т.Көмекбаев ауылындағы құрылысы жүріп жатқан су құбырының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласына арнайы барып, жаңадан салынып жатқан бес қабатты 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көрді.
22 маусым 2023 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031