» » Құрылыс жұмыстары – бақылауда

Құрылыс жұмыстары – бақылауда

qarmaqshy-tany.kz Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай өзінің іс-қимыл бағдарламасы аясында өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарында болды.
Алдымен ол Ақай ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысымен танысты. Ол бүгінге дейін нысан бойынша атқарылған жұмыстарға қанығып, мердігер мекеме басшылығына құрылыс жұмысын жүргізуде орын алған кемшілікті жоюды, жылыту жүйесіне қажетті толықтыру енгізе отырып, ауыл тұрғындарының тезірек спортпен шұғылдануына және кешенді ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.
Келесі кезекте Қайрат Ырзақұлұлы Төретам кентінде аялдап, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстарды сараптады.

Танысу барысында ол өзімен бірге құрылыс жұмыстарын сырттай бақылап отырған жергілікті тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелері бойынша пікірлерін зерделеп, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанын, жұмысшылардың жеткіліксіз екенін тілге тиек етіп, кемшілікті түзеуді қатаң тапсырды.

Ал өз кезегінде кенттегі газдандыру жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдері қарқынды жұмыс жүргізіп, жоспарланған жұмысты уақытылы аяқтайтынын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары екі құрылыс нысаны бойынша мердігер мекемелер басшыларына жұмыстың уақытылы әрі сапалы жүргізілуін ескертіп, жауапты мекеме басшыларына оны күнделікті қадағалауда ұстауды тапсырды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
21 мамыр 2023 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930